Жаңабекова Айман Әбділдәқызы 1972 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. 1978 – 1988 жылдары №54 қазақ орта мектебін бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түскен. 1993 жылы «орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» бойынша бітіргеннен кейін, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №169 орыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істеді. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасының сырттай бөлім аспиранты, 1998 жылдан бастап күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды. 2001 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор С.Мырзабековтің жетекшілігімен «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2003 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөліміне ғылыми қызметкер болып қабылданды. 2010 жылы «Қазақ тіліндегі «уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады, ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова. 2011 жылдың 1 қазанынан бастап Грамматика бөлімінің бас ғылыми қызметкері атағын алды және Компьютерлік лингвистика бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің 2003-2005 жылдарға арналған «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы», 2006-2008 жылдарға арналған «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі» тақырыбындағы жоспарлы зерттеу жұмыстарының, 2009-2011 жылдарға жоспарланған «Қазақ тіліндегі квалитативтік және квантитативтік өрістер» тақырыбы бойынша ғылыми тақырыпты орындаушылардың бірі. Осы аталған іргелі зерттеулер бойынша және докторлық диссертациясының тақырыбына қатысты 60-тан астам мақала жариялады. 2 монография шығарды.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
1993 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Филологические науки |
26.12.2001 |
Доктор |
Филологические науки |
13.07.2011 |
0
документам
0